Павлодарлықтар таргетологияны тегін үйрене алады
Цифрлық маркетингке бір қадам жасайтын мүмкіндік табылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық жастар бастамаларын дамыту орталығының мәлімдеуінше, 8 ақпан күні сағат 15:00-де жастар орталығында таргетологиядан шеберлік сағаты өтеді.
Бағдарламасы:
- мақсатты жарнама негіздері;
- әлеуметтік желілердегі тиімді стратегиялар;
- жарнамалық платформалармен жұмыс істеудің практикалық дағдылары.
Өтетін орны Ломов көшесі, 38.
Жазылу үшін +7(776)737-30-67 нөміріне хабарласуға болады.