Павлодар облысында су құбыры желілерін жуу жүргізілді
Мониторинг барысында орталықтандырылған сумен жабдықтау объектілерінде 2307 су сынамасы зерттелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, оның 138-і санитарлық қағидаларға сәйкес келмеді.
Тереңкөл, Павлодар, Железин, Успен аудандарында, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының ауылдық аймақтарында микробиологиялық көрсеткіштер бойынша жалпы микробтық сан көрсеткіші бойынша сәйкессіздіктер анықталды. Су құбыры желілерін жуу, дезинфекциялау жүргізілді. Қайта іріктеу кезінде сәйкессіздіктер анықталған жоқ.
– Орталықтандырылмаған сумен жабдықтаудың бақылау нүктелерінен 350 су сынамасы алынды. Оның сегізі санитарлық ережелерге сәйкес келмеді. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша стандартты емес сынамалар Ақтоғай ауданында, Аққулы ауданында және Ақсу қаласының ауылдық аймағында жалпы микробтық сан көрсеткіштері бойынша анықталды, – дейді департаментте.
Ал санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 359 сынама зерттелді. Бұл сынамалардың 19-ы сәйкес келген жоқ. Сәйкессіздіктер Ақтоғай және Павлодар аудандарында, Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының ауылдық аймақтарында анықталды.