Шарбақты ауылдық округінің әкімі сайланды

Шарбақты ауылдық округінің әкімі сайланды

Әкімді ауыл тұрғындары таңдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шарбақты ауданы әкімдігінің мәліметінше, ауылдық округ әкімін сайлауға  3521 дауыс беруші қатысты. Ал ауылдан тыс жерде дауыс бергендер саны –  114.

Ауылдың әкімі болу үшін үш үміткер өтініш берген. Сайлау нәтижесінде Азамат Қабдрашитовке –  1389 дауыс, Қанатбек Нұркинге –  14 дауыс, Марат Қожимовқа 1751 дауыс берілді. Ал 55 дауыс беруші «Барлығына қарсымын» бюллетенін таңдаған. 

Сайлау қорытындысы бойынша Шарбақты ауылдық округінің әкімі болып Марат Қожимов сайланды.