Шарбақтылық кәсіпкерлер біліктілігін арттырды
Оған шағын және орта бизнес өкілдері қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының мәлімдеуінше, «Кәсіпке бағыт» жобасы бойынша Шарбақты ауданындағы шағын және орта бизнес өкілдеріне «ірі қара мал шаруашылығы: сүт және ет» тақырыбында оқу өткізілді.
Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбеновтің айтуынша, мұндай салалық оқудың мақсаты жергілікті кәсіпкерлердің біліктілігі мен дағдыларын арттыруды көздейді.
- Сонымен қатар, курстың мақсаты – сүт бизнесіне деген сұранысты арттыру, сондай-ақ жергілікті бизнес субъектілерінің азық-түлік базасын, шикізат пен жабдықтарын дамыту. Бұл оқу «Мен кәсіпкер» бағдарламасының кәсіпкерлік әлеуетін дамыту бағыттарының бірі, – деді Ерқанат Әбенов.
Біліктілікті арттырудан 29 кәсіпкер өтті.