Тақиялы қыз – трендте: Павлодарда жас тігіншілер байқауы өтеді
Жеңімпазға смартфон табысталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі Наурыз мейрамына орай мектеп оқушылары арасында «Тақиялы қыз – трендте» атты тақия тігу өнері бойынша байқау ұйымдастырмақ. Аталмыш байқауға қала мектептерінің 6-9 сынып оқушылары қатыса алады.
– Байқау екі турдан тұрады. Бірінші турда бес қатысушы іріктеліп, екінші турға өтеді. Алғашқы кезеңде наурыз мейрамы қарсаңында мектеп оқушылары қазақ қыздарының ұлттық бас киімі – тақияны өз қолдарымен тігіп әкеліп, оның жасалу жолдары мен тігу әдістерін, тақияның бүгінгі күндегі маңыздылығын баяндауы тиіс. Ал екінші кезеңге өткен қатысушылар тақияны дайын сұлбаларымен тігіп, әшекейлеп, қазылар алқасының алдында қорғайды, – дейді ұйымдастырушылар.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлде – смартфон.
Қатысушылар өз өтінімдерін zhanara348@gmail.com электронды поштасына жібере алады. Қосымша сұрақтар бойынша 8(777)-396-59-82 нөміріне хабарласа аласыздар.