Павлодар облысында киноға билеттер арзандады
Қазан айында қазақстандық кинотеатрларда орташа есеппен бір билет құны 2100 теңгені құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, бұл – өткен жылмен салыстырғанда бес пайызға көп.
Қарағанды облысында билеттер 28 пайызға қымбаттаған. Сондай-ақ Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында бағаның айтарлықтай көтерілуі байқалды. Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында екі пайызға өскен.
Ал еліміздің 20 өңірінің жетеуінде, сондай-ақ Шымкентте бағалар былтырғы деңгейде қалды.
– Павлодар және Ақтөбе облыстарында кино билеттерінің біршама арзандауы байқалды: 1,1% және 10,9%, – дейді сарапшылар.
Мәселен, 21-24 қараша аралығында режиссер Ридли Скоттың 200 миллион теңгеден астам қаражат жинаған «Гладиатор 2» тарихи фильмі қазақстандық бокс-офистің көшбасшысы болды. Екінші орынды америкалық «Зұлымдық: Батыстың сиқыршысы туралы ертегі» мюзиклі, ал үшінші орынды Джейк Кэзданның «Миссия: Қызыл» көркем фильмі алды.