ERTIS AULA FEST: Павлодарда ең ауқымды аула спорт фестивалі өтеді
Қатысушыларды жарыстар мен сыйлықтар күтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шара Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбековтің қолдауымен «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында өтпек. Бағдарламаға спорттық көрсетілімдер, шығармашылық қойылымдар, ойын-сауық бағдарламалары, отбасылық эстафета, қол күресі мен гір көтеру сайыстары енгізілген. Сонымен қатар, жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға жүлделер мен бағалы сыйлықтар табысталады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастаманың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын дәріптеу, отбасы құндылықтарын насихаттау және көршілік қарым-қатынасты нығайту.
Спорттық мереке 7 тамыз күні сағат 17:00-де Ломов көшесі, 154 мекенжайында басталады. Ұйымдастырушылар павлодарлықтар мен қала қонақтарын ең ауқымды аула спорты мерекесіне белсенді қатысуға шақырады.