Тереңкөл ауданында екі көлік соқтығысты

Тереңкөл ауданында екі көлік соқтығысты
Фото: Константин Шелков

Жүргізушілердің біреуі медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Тереңкөл-Михайловка автожолында «УАЗ Патриот» және «Audi 80»  көліктерінің соқтығысы орын алды. «Audi» автокөлігінің жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді. 

Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, экспертизалар тағайындалды. Автокөліктер айыптұраққа қойылды.