Павлодарлық оқушыларды Аяз атаның шеберханасына шақырды

Павлодарлық оқушыларды Аяз атаның шеберханасына шақырды

Шеберлік сабақтарына бесінші сыныптың 155 оқушысы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қысқы демалыс бастар алдында Павлодар мектептерінде «Аяз атаның шеберханасы» мастер-класы өтті. Осындай шараны қалалық білім бөлімінің «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы ұйымдастырған.

– Аяз атаның шеберханасында қатысушылардың барлығы ата-аналарға жаңа жылдық сыйлық жасауға тырысып, өздерінің шыршаларын безендіруде шығармашылықтарын көрсетті. Барлығы қызығушылық танытты, – дейді «Павлодар дарыны» орталығының әдіскері Назигүл Қайырқанова.

Іс-шара №11, 17, 18, 27, 29, 3 5, 39 мектептерде өтті.

– Біздің топтың шыршасы өте сәнді және әдемі болып шықты. Біз оны жылтырақпен, баулармен, қар ұшқындарымен және қолдан жасалған ойыншықтармен безендірдік. Барлығы аянбай еңбек етіп, қорытындысында бірінші орынға ие болдық, - дейді Ж.Тәшенев атындағы мектептің оқушысы Жанерке Тұяқова.

Барлық командалар жүлделі орындарға ие болды. Олардың ішінде он команда бірінші орын, он топ екінші және 11 команда үшінші орындарды алды.