Павлодар облысында Мәжілістегі бір мандатты орынға үміткерлер анықталды
2023 жылғы 8 ақпан күнгі сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 17 кандидат тізімге тұрды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына бір мандатты аумақтық сайлау округтерінде барлығы 17 кандидат анықталды.
Олардың арасында ең үлкені - 77 жаста. Ең жасы - 30 жаста. 12 кандидат өзін-өзі ұсынған.
Енді депутаттыққа кандидаттар декларация тапсыруы тиіс. Содан кейін сайлау жарнасын төлеуі қажет. Сол кезде кандидат ретінде нақты тіркелетін болады.
Айта кетейік, Парламент Мәжілісінің сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтеді.
Фото: ашық дереккөздерден