«Жарылғыш қойылды»: Павлодарлық мектепте эвакуация жүргізілді
Оқиға орнына шұғыл түрде жедел қызметтер келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мектепте жарылғыш құрылғы салынғаны туралы хабарлама бойынша тексеру жүргізілуде.
– 7 сәуірде №34 мектепің электрондық мекенжайына ғимаратқа жарылғыш құрылғы салынғаны туралы хабарлама түсті. Ғимараттан адамдар эвакуацияланып, тексерілді: тыйым салынған заттар мен жарылғыш құрылғылар табылмады, – дейді департаментте.
Павлодар облысының полиция департаменті қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатын терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін жауапкершілік туралы ескертеді, ол үшін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 273-бабында жаза көзделген. Осы бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.