Ертіс ауданында битум сақталған жертөле толықтай жанып кетті
Шұңқырдың тереңдігі төрт метр болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 қыркүйекте сағат 14:26-да Ертіс ауылындағы ЖШС-нің бірінің аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
– Қосалқы үй-жайдың жоғары қабаты өртенді. Жалпы ауданы 200 шаршы метр жерде сыйымдылықтағы битум жанып кетті,– деді департаментте.
Өрт сөндіруді жер астында орналасқан тереңдігі төрт метр құрылым қиындаттты. Ол жерде шамамен 20-40 тонна битум жанған.
Өрт сөндірушілердің сауатты және жедел әрекеттерінің арқасында өрт уақтылы оқшауланды. № 9 өрт бөлімшесінің тоғыз қызметкері және екі техника тартылды.