Жүктілікке дайынсыз ба? Болашақ ата-аналарға арналған чек-парақ

Жүктілікке дайынсыз ба? Болашақ ата-аналарға арналған чек-парақ
Иллюстрация: PN

Жүктілікті жоспарлау – болашақ ананың ғана емес, әкенің де денсаулығына жауапкершілікпен қарауды талап ететін маңызды кезең. Дәрігерлер жүктілікке дейін 2-3 ай бұрын прегравидарлы дайындықтан өтуді ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарлық «Almaz Medical Group» емханасының акушер-гинеколог дәрігері Айгүл Еренғайыпованың айтуынша, прегравидарлы дайындық – жүктілікке алдын ала дайындалу, денсаулық жағдайын тексеру, қажетті талдаулар тапсыру, ауруларды анықтап, емдеу және ағзаны жүктілікке дайындау.

Міне, болашақ ата-аналарға арналған маңызды чек-парақ:

1. Дәрігерге қаралыңыз

Бірінші қадам

  • Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауына жазылу.
  • Гинекологтың кеңесінен өту.
  • Созылмалы аурулар болса, дәрігерге хабарлау.
  • Қажет болған жағдайда қосымша мамандардың тексеруінен өту.

2. Қажетті талдауларды тапсырыңыз

  • Жалпы қан талдауы.
  • Жалпы зәр талдауы.
  • Қан сарысуындағы глюкоза деңгейін анықтау.
  • АИТВ (ВИЧ) инфекциясына тест.
  • В және С гепатиттеріне талдау.
  • Мерезге (RW) талдау.
  • Гинекологиялық жағынды.
  • Электрокардиография (ЭКГ).
  • Флюорографиялық тексеру.

Талдаулар мен тексерулер тізімін дәрігер денсаулық жағдайына қарай нақтылайды.

3. Гинекологиялық тексеруден өтіңіз

  • Гинекологтың толық тексеруінен өту.
  •  Қажет болған жағдайда кіші жамбас ағзаларының УДЗ-сын жасау.
  • Шағымдар болса, инфекцияларға тексерілу.
  • Анықталған мәселелерді жүктілікке дейін емдеу.

4. Фолий қышқылын қабылдауды бастаңыз (Кез келген дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесіңіз)

Маңызды

  • Фолий қышқылын жүктілікке дейін қабылдауды бастау.
  • Көпшілік әйелдерге ұсынылатын тәуліктік мөлшері – 400 мкг.
  • Жоғары дозаны тек дәрігердің нұсқауымен қабылдау.

Фолий қышқылы болашақ сәбидің жүйке түтігі ақауларының алдын алуға көмектеседі.

5. Өмір салтыңызды реттеңіз

  • Темекі шегуден бас тарту.
  • Алкогольден бас тарту.
  • Дұрыс әрі теңгерімді тамақтану.
  • Ұйқы режимін сақтау.
  • Тұрақты физикалық белсенділікпен айналысу.
  • Артық салмақ болса, дәрігермен бірге салмақты қалыпқа келтіру жоспарын жасау.
  • Созылмалы ауруларды бақылауда ұстау.

6. Болашақ әкенің де денсаулығы маңызды.

Жүктілікке дайындық тек әйел адамға қатысты емес. Ер адам да өз денсаулығына көңіл бөлуі керек.

  • Темекіден бас тарту.
  • Алкогольді шектеу, мүмкіндігінше толық бас тарту.
  • Созылмалы ауруларды бақылау.
  • Дұрыс тамақтану.
  • Ақуыз бен темірге бай тағамдарды жеткілікті тұтыну.
  • Дене белсенділігін сақтау.
  • Қажет болған жағдайда дәрігерге қаралып, тексеруден өту.

Прегравидарлы дайындық – дені сау жүктілікке жасалған алғашқы қадам. Жүктілікті жоспарлаудан 2-3 ай бұрын дәрігерге қаралып, қажетті тексерулерден өту болашақ ана мен баланың денсаулығы үшін маңызды.