Жас ақындар Павлодар ауданының тарихын жырлайды
Ауданның 95 жылдығына орай айтыс ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
25 тамыз күні сағат 11.00-де Новоямышево ауылының мәдениет үйінде Павлодар ауданының 95 жылдық мерейтойына арналған «Тарихы терең, еңбегі ерен – Павлодар ауданы» атты облыстық ақындар айтысы өтеді.
Жыр додасына Гүлшекер Батай, Ерлан Аманқожа, Мизан Жұмәлі, Мәрес Байрон, Абзал Қабдраш, Нұрғанат Қайрат, Азамат Базарбай, Мұхамедқали Зарықхан, Алпысбай Хонж, Талғат Пәуешов, Бөкен Жігер өнер көрсетеді. Дүбірлі додаға жақында қосылып, жүйріктермен ілесе шауып жүрген жас айтыскерлер де бақ таластырмақ. Олар – Ибрахим Қазбек, Мейіржан Баршынбай, Нұрбек Бәкір, Бексұлтан Қайдаров, Мағзұм Имантай.
Ақындардың айтысына қазылар алқасынының құрамына енген Halyq radiosy-ның бас редакторы Асыл Әбіш, ақын Айбек Оралхан, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Асығат Тұрғанбек, Павлодар аудандық қоғамдық келісімінің төрағасы Бақытбек Баткеев баға береді.
Айта кету керек, айтыс Павлодар ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен өтеді. Жүлде қоры 2 миллион теңгені құрайды.
Еске сала кетейік, Павлодар ауданынның әкімі Николай Дычко өнерлі жастарды қолдау мақсатында ауыл клубына сапасы мықты 25 жаңа домбыра табыстады. Бұдан бөлек, ауыл клубы даңғыра, асатаяқ, саз сырнай, шаңқобыз, дарбұқа, жетіген сынды ұлттық аспаптармен толықты.