Железин ауданында балықшы сұңқылдақ аққуды құтқарып қалды

Железин ауданында балықшы сұңқылдақ аққуды құтқарып қалды
Фото: pixabay.com

Киелі құс ер адамның қасына өзі жақындаған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Железин ауданы Үрлітүп орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеменің мәліметінше, 3 желтоқсанда сағат 11:30 шамасында «Қайыңды» орманшылығының 67-кварталында, Башмачное көлінде мұз үстінде балық аулап отырған тұрғынға сұңқылдақ аққу жақындаған. 

Құс баяу қозғалды, әбден ашығып, әлі кеткен. Осыдан кейін аталған азамат аққуды ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеменің орман күзетіне беру туралы шешім қабылдады. Тексеру нәтижесінде оның ешқандай жарақат, оқ жарақаты анықталмады, – дейді орман шаруашылығында. 

Кеш туып, қанаты қатаймаған балапанға көмек көрсету үшін табиғи ортадан алу қажет болды. Сондықтан 4 желтоқсанда құс Павлодар ауылындағы «Байрамов» ЖК «Белсенді демалыс орталығы» хайуанаттар бағына тапсырылды. Енді құс күн жылынғанға дейін сонда болады. Болашақта хайуанаттар бағындағы қалған жабайы құстармен бірге табиғи ортаға жіберіледі.