«Зулейха» спектаклі Павлодар сахнасында қойылады

«Зулейха» спектаклі Павлодар сахнасында қойылады
Instagram: @masatheaterfilm_

Көрермендерге арналған ерекше қойылым 23 қаңтар күні сағат 19:00-де Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрында сахналанады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қойылым үміт пен махаббаттың ең қараңғы кезеңдерде де өмір сүре алатынын баяндайды. Басты кейіпкер Зулейханың тағдыры – тірі қалудың өзі мұңға айналған, азап пен қорлыққа толы ауыр жол. Оқиға оның үрей мен қорқыныш билеген әлемде күйеуінен, үйінен және өткен өмірінен айырылған сәттен басталады. Зулейха үшін өмір түрмеге айналғандай көрінеді. Алайда аштық пен қатігездікке, үмітсіздікке толы ортада ол алғаш рет шынайы еркіндікті және нәзік те алапат махаббатты сезінеді. 

Спектакль Гүзәл Яхинаның шығармасы негізінде қойылған. Қойылымның режиссері – Әлібек Өмірбекұлы, бас продюсері – Салтанат Бақаева.

Басты кейіпкер Зулейханың рөлін Қазақстан Жастар одағының «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты Салтанат Бақаева сомдайды. Сондай-ақ, спектакльде Азамат Сатыбалды, Бекжан Тұрыс, Рауан Ахмедов сынды танымал әртістер өнер көрсетеді.

Павлодарлық көрермендерді терең ойға жетелейтін, әсерлі драмалық қойылым күтіп тұр.