Қазақстан мен Өзбекстан басшылары «Ташкент-Хумо» халықаралық әуежайында әңгімелесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентінің шақыруымен Ташкентке келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев қазақ-өзбек стратегиялық әріптестік және одақтастық қатынастарын одан әрі тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасты.
Тоқаевтың сапар бағдарламасында екі мемлекет басшыларының келіссөздері жоспарланған, сондай-ақ олардың төрағалығымен Қазақстан мен Өзбекстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің Екінші отырысы өтеді.