Танымал әнші Леди Гага Ақ үй қызметкері атанды

Танымал әнші Леди Гага Ақ үй қызметкері атанды

АҚШ президенті Джо Байден әнші Леди Гаганы АҚШ президентінің өнер және гуманитарлық ғылымдар комитетінің төрағасының бірі етіп тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тағайындау туралы ақпарат Ақ үй сайтында жарияланды. Кеңес мүшелерінің тізімі олардың өмірбаянымен қоса берілген. Кеңесте жалпы 24 адам бар. Леди Гага атымен танылған Стефани Джоанн Анджелин Джерманотта – америкалық әнші, әндердің авторы, продюсер, филантроп, дизайнер және актриса. Times нұсқасы бойынша, әлемдегі ең беделді тұлғалардың бірі.

Фильмнің («Shallow», «Жұлдыз туды») ең үздік әні үшін «Оскар» сыйлығының лауреаты атанған, және осы премияның «Үздік әйел рөлі» нұсқасында номинант; Фильмнің («Til It Happens to You», «Hold My Hand», «Топ Ган: Мэверик») үздік әні үшін екі рет «Оскар» номинанты болды.