Павлодарда құжат рәсімдеу үшін көші-қон қызметі азаматтардың үйіне барады

Павлодарда құжат рәсімдеу үшін көші-қон қызметі азаматтардың үйіне барады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көші-қон қызметі халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жеке куәлікті үйінде жүргізіп келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл қызмет қарттар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жүріп-тұруы қиын адамдар және халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) өз бетінше бара алмайтын азаматтар үшін қолжетімді. Арнайы мамандар үйге барып құжат қабылдап, дайын болған соң өтініш иесіне жеткізіп береді.

Бұл қызмет келесі санаттағы азаматтар үшін қолжетімді: қарттар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жүріп-тұруы қиын адамдар, аудан немесе қаладағы ХҚКО-ға өз бетінше бара алмайтындарға, — дейді Павлодар облысы полиция департаментінің өкілі Қанат Сартов.

Құжаттарды рәсімдеу үшін 1414 call-орталығына хабарласып, себеп пен оны растайтын құжаттарды көрсету қажет. Сондай-ақ келесі құжаттарды ұсыну керек:

  • туу туралы куәлік (егер жеке куәлік бірінші рет алынатын болса);
  • жарамсыз немесе ауыстырылуы тиіс куәлік/төлқұжат;
  • мүгедектік туралы анықтама (мысалы, МӘС анықтамасы);
  • мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек
  • жеке куәлік үшін — 0,2 АЕК (786.40 теңге);
  • төлқұжат үшін — 8 АЕК (31 456 теңге);

Немесе баж салығынан босатылатынын растайтын құжат (ҚР Салық кодексі, 622-бап, 4-тармақ).

Құжат дайын болған соң, ол заңда көрсетілген мерзім ішінде өтініш берушінің үйіне жеткізіледі. Бұл бастама — халықтың әлсіз топтарына көрсетілетін нақты қолдау және қолайлы мемлекеттік қызмет көрсетудің жарқын үлгісі.

Жансая Мәлік