1 тамызда Павлодар облысында аптап ыстық болады

1 тамызда Павлодар облысында аптап ыстық болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қазгидрометтің мәліметінше, солтүстік-батыс желінің екпіні секундына 7-12 метрді құрайды. 

Ауа температурасы түнде +15...+20, күндіз +32...+37 градус ыстық болады. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Сынап бағанасы түнде +17...+19, күндіз +33...+35 градусқа дейін көтеріледі.