Павлодарда мобильді топ тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтады
Оларды фельдшер қарап шыққаннан кейін орталыққа жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық мансап орталығының мәліметінше, қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды әлеуметтендіру орталығының әлеуметтік патрулі тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар көп жиналатын жерлерді, сондай-ақ қаңғыбастықпен және қайыр сұраумен айналысатындарға тұрақты мониторинг жүргізеді.
Мобильді топ полицейлермен бірлесіп, Олжабай батыр, С. Торайғыров, Ш. Айманов көшелерінде рейд жүргізді.
– Патрульдеу барысында медициналық көмекке мұқтаж әрі тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар табылды. Мобильді топ баспанасыз қалған 161 адамды орталыққа әкелді, – дейді орталықта.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің толық кешенін қажет ететін жандар өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды әлеуметтендіру орталығына жүгіне алады.
Орталық Космонавтар көшесі, 1/50 мекенжайында орналасқан.
Байланыс телефоны: 8 (7182) 62 30 68.