100 метрлік панно: Павлодарлықтарды «Наурыз vibe» жастар алаңы күтеді

100 метрлік панно: Павлодарлықтарды «Наурыз vibe» жастар алаңы күтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

22 наурыз сағат 11:00-ден 14:00-ке дейін орталық алаңда Наурыз мерекесіне арналған іс-шара өтеді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылар – облыстық білім беру басқармасы, ақпарат және қоғамдық даму басқармасы, М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы, жастар бастамаларын дамыту орталығы. 

Мақсаты – Ұлыс күнінің қазіргі әлемнің жаһандануы жағдайында жастар үшін маңыздылығын насихаттау.  

Астрономиялық мағынада Наурыз-күн мен түннің теңелу уақыты. Бұл халық арасында тарихи құндылығын, өзектілігін жоғалтпаған, халықтық сипаттағы мейрам. Наурыз ұлттық дәстүрлерді жаңғыртудың арқасында еліміздің құндылықтарын, ұрпақтар мен дәстүрлердің сабақтастығын сақтайды, – дейді ұйымдастырушылар. 

Сонымен қатар Сонымен қатар келесі алаңдар жұмыс істейді: 

1. Концерт алаңы. Бұл жерде мерекенің басты кейіпкерлері болады. Қыдыр ата қонаққа келеді, наурыз ән-шашуы, Q-pop билер, этно-стильде дефиле өтеді, қазақ ертегілері бойынша косплей өтеді.

2. «Құрақ пано» - қаланың білім беру ұйымдарының оқушылары кестелеген матадан жасалған 100 метрлік панно. 

3. «Art graffiti» - граффити өнер арқылы жастар өздерінің қалаған суреттерін салады. (граффити бойынша шеберлік-сабақ).

4. «ТрендShop» – жас кәсіпкерлер өз қолдарымен заманауи ұлттық бұйымдар жасап сату алаңы. 

5. «Наурызиада» – Қазақ ұлттық ойындарына арналған алаң.  Жастар мен мерекеге келген қонақтар қазақ мәдениеті мен дәстүрлерінің бай мұрасына саяхатқа барады. Осы алаң аясында Қазақстан халқының тарихын, рухы мен әдет-ғұрпын (садақ ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық ойнау, қол күрес және т.б.) бейнелейтін түрлі ойындар ұсынылады.  

6. «Ру-грим» немесе «Art nation» – әр қазақтың руы бойынша эмблемалар жасау, аквагримді қолдану алаңы (белгілі бір руға байланысты грим жасау) және ұлттық ою-өрнектерде қолдарында қынамен сурет салу бойынша шеберлік-сабақтар ұйымдастырылады.

7. «МобилTime» – мобилография және блогерлік бойынша шеберлік-сабақ өтетін алаң. Мереке соңында балалар #наурызvibe2024 бірыңғай хэштегімен түсірілген блогты жариялайды.

8. «Қызғалдақтар алаңы» - мектепке дейінгі мекемелер жасаған қызғалдақтар көрмесі.