13 шілде күні Павлодар облысында өткінші жаңбыр жауады

13 шілде күні Павлодар облысында өткінші жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында күн күркірейді, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 7-12, найзағай кезінде 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 20-25, күндіз 34-39 градус, оңтүстікте, солтүстікте, облыстың орталығында 42 градусқа дейін көтеріледі.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлттылық, таңертең және түстен кейін аздаған  өткінші жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 40-42 градус ыстық болады.