Павлодарда мотоциклшіні көлік қағып кетті
Зардап шеккен жүргізуші жеңіл жарақаттар алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Катаев - Ломов көшелерінің қиылысында Hyundai Accent маркалы автокөлік пен Suzuki маркалы мотоцикл соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккен мотоцикл жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілді.
– Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіледі, – деді департаментте.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінде зардап шеккен 26 жастағы мотоцикл жүргізушісі жеңіл жарақаттар алғандықтан, ауруханаға жеткізудің қажеті болмағанын хабарлады.
Фото: @ kolesa_pavlodara