16 мамырда Павлодар облысында тұман болады

16 мамырда Павлодар облысында тұман болады
Фото: Константин Шелков

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14 м/с құрайды. 

Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді. 

Павлодар қаласында күндіз көшпелі бұлт шығады. Жауын-шашын күтілмейді.  

Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 20-22 градус ыстық болады.