Павлодарлық невролог: Ешқандай диетаға отырмаңыз
№1 Павлодар қалалық ауруханасының неврологы @Pavlodarnews.kz тілшісіне арықтау үшін диетаның зияны туралы айтып берді.
Бірінші қалалық аурухананың неврологиялық бөліміне ай сайын 110-120 науқас жүгінеді. Павлодар облысында жиі кездесетін ауру – шашыраңқы склероз. Әдетте аталған диагноз 18-40 жас аралығындағы науқастарға қойылады.
Неврологиялық бөлімшенің меңгерушісі Людмила Титаренконың айтуынша, 2020 жылы шашыраңқы склероз патологиясымен екі-үш жағдай, ал 2023 жылы 15 жағдай анықталған. Дәрігерлер мұны COVID-19 салдарымен байланыстырады. Вируспен күрескен ағзаның иммундық жасушалары жүйке ұштарын танымай қалып, жүйке жасушаларының қабығын бұзатын антиденелерді шығара бастайды.
– Мәселен, бізден бір жас ана ем алған. Ол арықтау үшін үнемі диета ұстайтын. Шамасы, оның иммунитеті төмендеп, склероздың ауыр түрін дамытқан көрінеді, – деп еске алды невролог. – Науқасты емдеу қиынға соқты, өйткені қол-аяғының жеткіліксіздігі және бас айналу фонында психогендік лабильділік дамыды. Өз медициналық анализдарын көргеннен кейін ұзақ уақыт бойы есін жиғыза алмадық. Сондықтан менің кеңесім: ешқандай диетаға отырмаңыз.
Дәрігердің өзі тағайындаған диеталарды ғана ұстауға болады.
– Ағза қандай микроэлементтер мен витаминдер қажет екенін өзі біледі және артық қалдықтарды өзі шығарады, – дейді маман.
Невролог суды көбірек ішуге және дененің құрылыс материалы – ет жеуден бас тартпауға кеңес береді.
Сондай-ақ ол 15 жасынан бері шашыраңқы склерозбен ауыратын, бүгінде жасы 40-тан асқан науқастардың бірін есіне алды.
Еске сала кетейік, Людмила Титаренко Павлодар облысы бойынша үздік невролог болып танылды. Ол өмірінің 30 жылын медицина саласына арнады.