16 наурызда Павлодар облысында қар жауады
![16 наурызда Павлодар облысында қар жауады](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202303/image_750x_6411ac94a440e.jpg)
Батыстан жел соғады, күші 9-14 м/с құрайды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады.
Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 1-3 градусты құрайды.
16 наурызда және 17 наурызда түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың сейілуіне ықпал етеді.
Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде.