Сайлау күні: Павлодарда барлық шағын ауданда жәрмеңке өтеді
Азық-түлік тауарлары нарықтық бағадан 15-20% төмен бағамен сатылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы кәсіпкерлерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің хабарлауынша, 19 наурызда қаланың сегіз шағын ауданында, оның ішінде ауылдық округтерде сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өтеді:
1. Усолка шағын ауданы, №25 ЖОББМ. Майра көшесі, 49/1
2. Екінші Павлодар, №12 ЖОББМ. Салтыков - Щедрин көшесі, 60
3. Химқалашығы, №35 ЖОББМ. Айманов көшесі, 37
4. Саяжай шағын ауданы, №21 ЖОББМ. Қамзин көшесі, 346
5. Естай атындағы мәдениет сарайы, Конституция көшесі, 1
6. М.Катаев атындағы оқушылар сарайы. Мәшһүр Жүсіп көшесі, 27
7. Диспетчерлік бөлме, №4 ЖОББМ. Гагарин көшесі, 58
8. Вокзал, «Шаңырақ» МҮ. Назарбаев Даңғылы, 1
Жәрмеңкеде ет, сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, бал, жарма, макарон, жұмыртқа, күнбағыс майы, шұжық өнімдері, кондитерлік өнімдері сатылатын болады.
Айта кетейік, 18 наурызда Торговая көшесі, 2а құрылымында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Оған алты ауданнан өнімдер әкелінеді.
Фото: Ольга Бугаева