Павлодарлық тұрғын қонақтарының қолынан қаза тапты
Оның көңілдесі ауруханаға түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, ер адам мен әйел адам үйлеріне қонақ шақырған. Кейін отырыс жанжалға айналған. Екі қонаққа келген адам үй иелерімен ұрысып, төбелесті бастаған.
Айқай-шу нәтижесінде ер адам ауруханаға түсті. Ал әйел адам алған соққыдан қайтыс болды.
– Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз, – деді полиция департаментінде.
Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.