Павлодарда жалға беруші мен жалға алушы арасындағы дау сотта шешілді

Павлодарда жалға беруші мен жалға алушы арасындағы дау сотта шешілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Пәтер иесі жалға алушы шетелде жүрген кезде үйге заңсыз кірген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық соттың баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2021 жылы павлодарлық тұрғын 1 бөлмелі пәтерін айына 80 мың теңгеге жалға берген. Шарт бойынша, пәтер иесі жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндеттенген, ал жалға алушы уақытша пайдалануға диван, кондиционер, «LG» кір жуғыш машинасы және ас үй жиынтығын алған.

2024 жылы жалға алушы Грузияда болған кезде пәтер иесі оған «WhatsApp» арқылы пәтердің сатылатынын және екі апта ішінде босату қажеттігін хабарлаған. Қазақстаннан тыс жерде болған жалға алушы пәтерден өз заттарын шығарып үлгермеген. Осыған қарамастан, пәтер иесі есікті өз бетінше ашып, құлыптарды ауыстырып, үй-жайды күзет дабылына қосқан.

Шетелден оралған жалға алушы пәтер иесінен пәтерде қалған мүлкі үшін 970 мың теңге өндіріп алуды талап етіп, сотқа жүгінді.

Бірінші сатыдағы сот жалға алушының мүлкін заңсыз иелену дәлелденбегеніне байланысты талапты ішінара қанағаттандырды. Апелляциялық сот, керісінше, меншік иесінің іс-әрекетінде адалдықтың жоқтығын атап өтті.

Сот жалға алушының «Philips» теледидары (168 000 теңге) мен «Polaris» үтігі (17 000 теңге) бар екенін фискалдық түбіртектермен дәлелдегенін ескерді. Аталған заттарды қайтару міндеттелді. Алайда, жалпы құны 783 000 теңге болатын басқа мүлікке қатысты дәлелдемелер болмағандықтан, бұл талаптар қанағаттандырылмады.

Облыстық сот пәтер иесін теледидар мен үтікті қайтаруға міндеттеп, апелляциялық қаулы заңды күшіне енді.