17 тамызда Павлодар облысында қалың тұман түседі
Облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауады, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде тұман түседі. Батыстан соққан жел 9-14 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде +10...+15, күндіз +22..27 градус ыстық болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде +11...+13, күндіз +24...+26 градысқа дейін көтеріледі.