Павлодарлық студенттер Назарбаев қорының стипендиаттары атанды

Павлодарлық студенттер   Назарбаев қорының стипендиаттары атанды
Фото: Торайғыров университеті

Биыл ToU-дан үш студент Назарбаев қорының стипендиясына ие болды,   деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Торайғыров университеті баспасөз қызметінің мәліметінше, олар: гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенті Татьяна Шевченко, Computer Science факультетінің студенті Данияр Ершенев және экономика және құқық факультетінің студенті Тимур Ахметжанов.

– Мен бұл сыйақыны күш-жігерімді жоғары бағалау және одан әрі өсуге ынталандыру ретінде қабылдаймын. Жасаған әрбір қадам қоғам мен университет ортасына пайда әкелуге бағытталған. Жаңа мәртебе маған кәсіби дағдыларды дамытуға көмектесетін оқуға және қосымша істерге белсене қатысуға  мүмкіндік берді. Мен үшін бұл шәкіртақы – тек қаржылық қолдау ғана емес, мен таңдаған кәсіби жолға деген сенімділікті арттыратын көтермелеу, – деп атап өтті Татьяна Шевченко.

Айта кету керек, Нұрсұлтан Назарбаев қоры стипендиясының иегері болу үшін үлгерімнің жоғары көрсеткіштері жеткіліксіз. Жастардың таланты мен әлеуетін ашуға арналған жобалар мен бағдарламаларға қатысу және жеңу де маңызды. Олардың ішінде конференциялар, форумдар, жарыстар, конкурстар, баяндамалар, волонтерлік акциялар және т.б. бар.

Байқау 2010 жылдан басталды, ақылы және ақысыз негізде оқитын студенттер стипендияға үміткер бола алады.