Ақсуда жол апатынан екі жасар бала көз жұмды

Ақсуда жол апатынан екі жасар бала көз жұмды

Көліктегі тағы үш адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 9 сәуірде сағат 20:30 шамасында Ақсу қаласының маңындағы Ленин-Курчатов және Ақсу-Үштерек автожолдарының қиылысында Toyota Corona және Audi-80 автокөліктердің соқтығысуы орын алған. 

- Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2021 жылы туған Audi-80 автокөлігінің жас жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Audi-80 автокөлігінің жүргізушісі, 29 жастағы және 28 жастағы жолаушылар жарақат алып Ақсу қаласындағы ауруханаға жатқызылды, - деді департаментте. 

Автокөліктер айып тұрағына қойылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның себептері анықталуда. 

Фото: облыстық ПД баспасөз қызметі