Дәрі-дәрмек: Павлодар облысы ең көп өтініш білдірген бестікке кіреді

Дәрі-дәрмек: Павлодар облысы ең көп өтініш білдірген бестікке кіреді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында байланыс орталығына 21 мыңнан астам қоңырау түскен, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

«СК-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторының мәліметінше, көптеген сұрақтар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты болады. Сонымен қатар ақпараттық сипаттағы қоңыраулар да бар. Павлодар облысы  ең көп өтініш білдірген өңірлердің бестігіне кіреді. Мәселен, Бірыңғай дистрибьютордың ағымдағы байланыс орталығының бірінші жартысында Павлодар облысының тұрғындарынан 1400-ге жуық қоңырау қабылданған.

–  Әрбір сұрау салу жедел қаралады, қажет болған жағдайда препарат басқа медициналық ұйымнан қайта жіберіледі немесе қажетті дәрі-дәрмектердің қоры сақталатын арнайы хабтан жеткізіледі. Операторлар облыстардың кураторларымен және бірыңғай дистрибьютордың өңірлік өкілдерімен бірлесіп, пациенттердің препараттарды нақты алуына мониторинг жүргізеді және қолда бар дәрілік заттарды алмау фактілері бойынша әрбір шағымды пысықтайды, – деп жазылған хабарламада. 

Яғни, өңірлік өкілдер проблеманы шешу туралы байланыс орталығын хабардар еткеннен кейін және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінде препараттардың босатылуы көрсетілгеннен соң байланыс орталығының операторлары пациентпен дәрі-дәрмектің қабылдануын бақылау үшін қайта байланысады. 

2023 жылы Павлодар облысының 60 медициналық ұйымына бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы қызмет көрсетіледі. Стационар шеңберінде өңірдегі 60 медициналық ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде төртеуі –мемлекеттік, екеуі – республикалық, 25-і – ведомстволық, 29-ы – ТМККК шеңберінде қызмет көрсететін жеке меншік. 34 объект амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде қызмет көрсетеді. Оның ішінде 18-і – мемлекеттік, 16-сы –  жеке меншік, ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде.

Амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында 121 нозология (аурудың түрі) қарастырылған. 2023 жылға Павлодар облысы бойынша дәрі-дәрмектерді сатып алуға 106 нозология бойынша өтініш берілген. Оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде – 4,7 млрд теңгеге 84 нозология және 6,5 млрд теңгеге 48 нозология – тегін медициналық көмек шеңберінде.

Павлодар облысы бойынша дәрі-дәрмектерді жөнелтуге қатысты амбулаторлық және стационарлық дәрілермен қамтамасыз ету шеңберінде жалпы сомасы 18 млрд теңгеге 1497 атауға өтініш берілген. 

Еске сала кетейік, Бірыңғай дистрибьютордың Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде ресми сайт пен парақшалар, 1439 қысқа нөмірі бар байланыс орталығы жұмыс істейді