19 мамырда Павлодар облысында күн салқындайды

19 мамырда Павлодар облысында күн салқындайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Түнде ауа температурасы ...+6°C болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +1...+6°C болады, облыстың солтүстігі мен шығысында 3°C-қа дейін салқын түсуі мүмкін. Жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +17...+22°C шамасында болады. Жауын-шашынсыз.

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді. 

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы -1...-3°C дейін төмендейді. Күндіз +16...+18°C болады. Аспан ала бұлтты, жауын-шашынсыз.