Павлодар облысында бас полицейдің бірінші орынбасары ауысты

Павлодар облысында бас полицейдің бірінші орынбасары ауысты
Фото: Павлодар облыстық ПД

Бұл қызметке полиция полковнигі Думан Қожахметов тағайындалды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр ведомство басшылығы мен жеке құрамына ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен  тағайындалған  бірінші орынбасарын таныстырды.

Бұған дейін полковник Думан Қожахметов Шығыс Қазақстан облысы  полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Василий Скляр оның осы бағыттағы жұмыс тәжірибесі мол екенін, министрлік әзірлеген, өңірдің аумақтық полиция бөлімшелерінің практикалық қызметіне енгізілетін инновациялар бойынша жұмыс күтіп тұрғанын атап өтіп, жаңа жұмыс орнында табыс тіледі.