23 тамызда Павлодар облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады

23 тамызда Павлодар облысында  күн күркіреп, жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, таңертең және түстен кейін екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. 

Облыста температура түнде +13...+ 18°C, күндіз +20...+ 25°C, оңтүстік-шығыста 29°C болады.  

Аймақтың солтүстігінде, батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.  Облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. 

Павлодарда сынап бағанасы түнде +15...+17°C, күндіз +23...+ 25°C көрсетеді. Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.