3 мамырда Павлодар облысында жаңбыр жауады

3 мамырда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, ауа райы түнде +1...+6 градус, ал күндіз +12...+17 градус жылы болады.

Павлодарда сынап бағанасы түнде +3...+5 градус, ал күндіз +13...+15 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін соғады.