28 шілде күні Павлодар облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +15...+20°C болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Күндіз ауа температурасы +27...+32°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғады.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +17...+19°C болады. Ауыспалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Күндіз ауа температурасы +30...+32°C. Ауыспалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.