Ақсу әкімдігінің екі бөліміне жаңа басшылар тағайындалды

Ақсу әкімдігінің екі бөліміне жаңа басшылар тағайындалды
Фото: Константин Шелков

Олардың екеуі де 3 сәуірден бастап  қызметіне кірісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақсу қаласы әкімдігінің мәліметінше, Ақсу қаласы әкімінің өкімімен меритократия негізінде «Ақсу қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы бос лауазымына Зайсанова Динара Зайсановна тағайындалды.

Динара Зайсановна Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша аяқтады.

Жалпы жұмыc өтілі - 19 жыл 6 ай, соның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі – 8 жыл 3 ай.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақсу қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Сондай-ақ Ақсу қаласы әкімінің өкімімен конкурс қорытындысы негізінде «Ақсу қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы бос лауазымына Бекбергенов Рахат Курсатбекович тағайындалды.

Рахат Курсатбекович Мухаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша аяқтады.

Жалпы жұмыc өтілі - 9 жыл 10 ай, соның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі – 3 жыл 9 ай.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақсу қаласының құрылыс бөлімінің статисі болып қызмет атқарды.