Екібастұзда монша кешені жанды

Екібастұзда монша кешені жанды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиға орнына бес техника мен жеке құрамнан 20 адам шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 қазанда сағат 02.57-де монша кешеніндегі өрт туралы хабарлама түскен.

–  Бір қабатты «Оазис» кірпіш монша кешенінде бу және демалу бөлмелерінде 297 шаршы метр аумақта шатырдың ағаш құрылымдары, сондай-ақ ішкі қаптамасы мен жиһаз өртенген,  – дейді департаментте. 

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сағат 04.02-де ауыздықтап, сағат 04-42-де толық сөндірді.