Ақтоғайда соғыс батырының құрметіне бюст қойылды

Ақтоғайда соғыс батырының құрметіне бюст қойылды
Фото: Ақтоғай ауданының әкімшілігі

Оған аудан ардагерлері бастамашы болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ақтоғай ауылында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың туғанына 100 жыл толғанына орай атақты жерлеске арналған бюст қойылды.

– Бұл – өткенге тағзым етіп, батырларымызды еске алатын, ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын кезең. Осындай тағылымды даталар Актоғай ауданы үшін ерекше мәнге ие, себебі бұл жерде ерлердің есімі ерекше құрметпен аталады, – деді Ақтоғай ауданының әкімдігінде.

Бюст аудан ардагерлерінің және «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ның бастамасымен орнатылды. Салтанатты ашылу рәсімі батырдың есімін иеленген орта мектеп ауласында өтті. Іс-шараға Махмет Қайырбаевтың туыстары, ардагерлер, оқушылар мен ауыл тұрғындары қатысты.

Бюстің орнатылуы – батырдың ерлігі мен өнегелі өмір жолына деген шынайы құрметтің белгісі болды.