Самогон жасаған: Павлодарда кәрізге толып қалған бидай тұрғындарды әуреге салды

Самогон жасаған: Павлодарда кәрізге толып қалған бидай тұрғындарды әуреге салды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ішкі жүйелер суға толып қалған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Тұрғын үй инспекциясы, коммуналдық шаруашылық бөлімі жариялаған видеода Гагарин көшесі, № 63/1 бойынша пәтерлер иелерінің кәріз желілерін тиісінше пайдаланбаудың салдары айқын көрсетілген. Бидай тұқымын кәрізге төгу салдарынан ішкі жүйелерде судың деңгейі көтеріліп кеткен. 

– Төртінші подъезде екі сағаттан бері құбырды тазалап жатырмыз. Кәріз жүйелері бидаймен бікетіліп қалған.  Тіпті, вибротроспен тазалай алмаймыз, ақырындап көрші кәріз жүйелеріне кетіп жатқан сияқты, – дейді видеода сөйлеп тұрған адам. 

Коммуналдық шаруашылық бөлімінде тұрғындардан жертөле үй-жайларын су басып қалмау үшін үйлердің кәріз жүйелерін тиісінше пайдалануды сұрайды.

Желі қолданушылары «Подъезге учаскелік инспекторды шақырыңыздар, самогон қайнатқан адамды жылдам табады. Самогон аппаратын жасыра алмайсыз», «Күйеуі самогон алатын әйел де табылады. Кек қайтарады»,  «Бидай ашытқан! Енді самогон қайнату үшін кеткен электр мен суық судың шығыны арқылы анықтауға болады», «Кәріз жүйесіне құюдың не қажеті бар? Бидай судың әсерінен ісіп кетеді емес пе? Өздері тазаласын, келесі жолы қайталамайтын болады» деп жазған.