Павлодарда лицензиясыз сыра сақтау фактісі анықталды
Салықтық тексерулер барысында 46 440 бөтелке көлеміндегі өнім тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметінше, тексеріс тақырыптық түрде сәйкестендіру құралдарының және есепке алу-бақылау маркаларының болуына, лицензияның болу-болмау мәселесіне бағытталған. Сондай-ақ, әкімшілік материал толтырылып, мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Айта кетейік, мемлекеттік кірістер басқармасы алкоголь өнімін лицензиясыз немесе жалған есепке алу-бақылау маркаларымен өткізу фактілерін анықтаған жағдайда 32-20-81 немесе 102 нөмірі бойынша хабарласуға болады.