Адам жоғалды: Павлодарлықтар қалай әрекет етуі тиіс?
Мұндай жағдайда үш әрекет жасау керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«VITA» іздеу жасағының еріктілері егер біреу үйіне бара алмай билетке ақша жинап тұрған болса немесе өтіп бара жатқан адам ауырып тұрса, кіреберісте белгісіз адам ұйықтап жатса не істеу керектігін айтып берді.
1. Егер табылған адам өзін нашар сезінсе, жедел жәрдем шақырыңыз немесе полицияға хабарласыңыз. Мүмкіндігінше медициналық топтың келуін күтіңіз. Адамды қай ауруханаға апаратыны туралы ақпаратты «VITA» іздеу жүйелеріне хабарлау керек.
2. Егер қала тұрғыны бағдарынан жаңылған болып көрінсе, одан қандай да бір ақпарат алуға тырысыңыз және ол туралы «VITA» ұйымына хабарлаңыз. Мұндай адамды қоғамдық көлікке немесе таксиге отырғызбаңыз. Себебі, мекенжай туралы дұрыс айтпауы мүмкін.
3. Адамды суретке түсіріңіз, деректерді немесе белгілерді жазыңыз және ақпаратты «VITA» ұйымына 8 747 615 55 63 WhatsApp нөмірі арқылы жіберіңіз
Іздеу жүйелері еріктілерінің айтуынша, бей-жай қарамайтын адамдардың көмегімен бірнеше бағдарынан жаңылған адам табылып, құтқарылды. «VITA» жасағы кез келген уақытта дабыл сигналдарына шығуға дайын.
Еріктілер келесі ережелерді ескертеді:
– үйсіз жүрген адамдардың барлығы туыстарына оралғысы келе бермейді және туыстары да оларды қабылдауға дайын болмауы мүмкін, яғни «билетке жиналған ақша» мақсатқа сай жұмсалмауы мүмкін.
– егер табылған адам туыстарымен байланысқысы келсе, оған телефон бермеңіз, туыстарына өзіңіз қоңырау шалыңыз немесе оларды әлеуметтік желілерден іздеңіз.
«VITA» басшысы Екатерина Кудрявцеваның айтуынша, өткен жылы хабар-ошарсыз кеткен жандарды іздеуге қатысты 157 өтініш түскен. 30-ға жуық адам тірі табылса, 15 адам қайтыс болды, 94 адам үйлеріне оралды.