Асайын Байханов Алғыс айту күніне орай жылы лебізін білдірді

Асайын Байханов Алғыс айту күніне орай жылы лебізін білдірді
Фото: pixabay

Облыс әкімі тұрғындарға өзінің ізгі тілегін жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы Асайын Байханов өзінің инстаграм парақшасында павлодарлықтарды көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін Алғыс айту күнімен құттықтады.

Бұл күн – бейбітшілік пен ынтымақты ұлықтап, халықтың бір-біріне деген құрмет пен ризашылық танытатын жалпыхалықтық мереке. Өзара сенім мен бір-бірімізге деген құрметтің орнығуына негіз болған айтулы мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз, өңіріміздің игілігі үшін адал еңбектеріңіз, жауапкершілік пен түсіністіктеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Алғыс айту күнінде әрбір қарапайым істер үшін жүрекке жылу сыйлайтын сөздер айтылып, мерейіміз арта берсін, – дейді Асайын Байханов өз құттықтауында.

Ол отбасыларға амандық, бақ-береке мен жақсылық тіледі. Алғыс айту күні бұрынғыдан да гөрі жақындастырып, еліміздің басты құндылығы бірлігіміз мен ынтымағымызды нығайта түсетініне сенімді.