Павлодар облысында цифрландыру жұмыстары жалғасуда

Павлодар облысында цифрландыру жұмыстары жалғасуда
Фото: Константин Шелков

Осыған орай, семинар-кеңес ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша цифрландыру жұмыстары жалғасуда. Павлодар облысы мемлекеттік архивінде осы бағытта жұмыс жүргізуде. Мемлекеттік архивтің мамандары Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде білімдерін жетілдіру үшін арнайы семинар-кеңес ұйымдастырды. Онда олар оқу процесінде алған ақпараттарымен, тәжірибелерімен, әріптестерімен және аудан филиалдарының басшыларымен бөлісті.

Кездесуде ведомстволық архивпен жұмысты үйлестіру және олардың құжаттарын «Е-архив» АЖ-ға қөшіру, архивтік құжаттарды цифрландыру бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін базалар құру, АЖ техникалық жұмыстары және тағы басқа мәселелер талқыланды.