Асайын Байханов: Астана – тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі

Асайын Байханов: Астана – тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңір басшысы Астана күнімен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы аймақ басшысы өзінің Instagram парақшасында хабарлады. 

29 жыл бұрын Астана тәуелсіз Қазақстанның бас қаласына айналды.Осы уақыт ішінде ол мемлекеттік басқару, дипломатия, ғылым, білім және инновацияның заманауи орталығына айналып, халықаралық деңгейде мойындалды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай: «Астана – еліміздің жүрегі, Қазақстанның болашаққа ұмтылысының нышаны». Бұл сөздер елорданың мемлекет дамуындағы ерекше орнын дәл көрсетеді. Дәл осы жерде стратегиялық бастамалар көтеріліп, маңызды шешімдер қабылданып, өмір сапасының жаңа стандарттары қалыптасып, еліміздің барлық өңірінде, соның ішінде Павлодар облысында да жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді, - деді Асайын Байханов.

Аймақ басшысы Астананың тарихы – миллиондаған қазақстандықтың еңбегі, таланты, жауапкершілігі және Отанға деген сүйіспеншілігінің жемісі екенін атап, әрі Елорда алдағы уақытта да зор мүмкіндіктердің, батыл бастамалардың және жаңа жетістіктердің қаласы болатынына сенім білдірді. 

Барша павлодарлықтарды айтулы күнмен құттықтап, зор денсаулық, бақыт, бейбіт өмір, амандық және Отанымыздың өркендеуі жолында жаңа табыстар тілейтінін жеткізді.