Асайын Байханов: «Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға барынша күш саламыз»
Ел Президенті жақын арадағы жұмыстардың басым бағыттары мен тетіктерін белгіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бүгін Асайын Байханов Мемлекет басшысы «Қыркүйек 2024 – Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жариялаған Жолдауының Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысты.
– Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен өңір басшыларына инфрақұрылымға қатысты бірінші кезектегі өзекті мәселелерді шешу, инвестицияларды ұлғайту, әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жаңғырту және қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыруды жалғастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді, – деп жазды өңір басшысы өзінің telegram-арнасында.
Бұл ретте, Асайын Байханов Павлодар облысы Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін түпкілікті орындауға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға барынша күш салатынына сенім білдірді.