Тереңкөл ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша екі ауылдың өмір сапасы жақсарады

Тереңкөл ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша екі ауылдың өмір сапасы жақсарады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс әкімі Тереңкөл ауданына барған жұмыс сапары барысында 2025 жылы іске асатын жобалармен танысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Аудан әкімі Азамат Маңғұтовтың сөзінше, барлық жоспарларға қаражат облыстық бюджеттен және бонустық трансферт есебінен бөлінді. Аудан орталығында тротуарлар орнатылып, концерттер өтетін жағажай абаттандырылады. Ал Калиновка мен Октябрь ауылдарында су тазарту қондырғылары мен су айдауыш мұнараның жөнделуде. Бұл мақсаттарға арнайы техникалар, қазандықтар сатып алынуда. – «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына екі ауыл кірді – Песчаное және Ивановка.

– Песчаное ауылындағы №2 мектебіне 65 миллион теңгеге күрделі жөндеу жүріп жатыр. Ал балабақшаның жөндеуіне 273 миллион теңге бөлінді, сондай-ақ, 611 миллион теңге сомасына дене-шынықтыру сауықтыру кешені салынып жатыр. Оған қоса, көшелеріне жарық шамдарын орнатып жатырмыз, осы мақсатқа 100 миллион теңге бөлінді, – деп атап өтті аудан әкімі. 

Ауыл ішіндегі 4,5 шақырымдық жолдарға 203 миллион теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіп, асфальт төселеді. Жалпы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша биыл 10 көшеге асфальт төселеді. Оның бесеуі Песчаное ауылында, қалған бесеуі Ивановка ауылында.

Песчан ауылында 23 көше бар, бұрын оларға аудандық, облыстық бюджеттен асфальт салынған болатын. Биылғы жоспар орындалса, барлық орталық көшеде асфальт жабыны болады.

– Ивановка ауылындағы мектебіне 262 миллион теңгеге жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Ивановка ауылының мәдениет үйінің күрделі жөндеуіне 302 миллион теңге бөлінді, мұнда да жұмыс қарқыны жақсы деп айтуға болады, – деді Азамат Маңғұтов.

Ауылішілік бес жолға 132 миллион теңге бөлінді. Жұмыстар шілде айында басталады. Бүгінгі күні мердігер компания Калиновка ауылының кіреберіс жолын істеп жатыр. Ол жерде былтыр «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша барлық әлеуметтік объектілер жөнделді, барлық көшелерге асфальт төселді, көше шамдары орнатылды. 

Асайын Байханов инфрақұрылымға осындай көлемдегі қаражат құйылғаннан кейін ауылдардың жағдайы түзеліп, халық саны азаймайтындай жағдай жасалуы керек екенін баса айтты.